Қорғаныс министрлігі Отарда комаға түскен сарбаз туралы айтты

1836
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Бүгін, 12 шілдеде Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғулин Отарда комаға түскен сарбаздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 19 жастағы Нұржігіт Әбділпаттың Алматыдағы клиникалық госпитальде жатқанын мәлімдеді.

«Сарбазға қажет барлық медициналық көмек көрсетілуде. Әскери дәрігерлер мен өзге мамандар күн сайын бақылап, емдеп жатыр. Қазір оның жағдайы ауыр болғанымен, күннен күнге жақсарып келеді. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған әскери қызметшіге қатысты әскери тергеу органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды»,—деді министрлік өкілі ОКҚ-да өткен брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданында қызмет өткеріп жатқан мерзімді әскери қызметтегі сарбаз ауруханаға түскенін “Адырна” ұлттық порталына анасы хабарланғанын жариялаған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер