Құны 1 млрд теңгеге жуық «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

1608
Adyrna.kz Telegram

«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін, 12 шілдеде Қарағанды облысының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Прокуратура мемлекет меншігіне заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 млн теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубын қайтарды. Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр», - делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы мемлекеттің экономикалық мүддесін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қолданылатынын атап өтті.

Айта кетейік, 2023 жылдың 12 шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойған еді.

Пікірлер