Оқымай озған фармацевт адам өмірін ұзартатын дәрі ойлап тапқан

4897
Adyrna.kz Telegram

ҚР бойынша гандболдан сегіз дүркін чемпион, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Партиялық оқу жүйесінің жоғары білімді саясаткері, БайТұрсервис ЖШС дәрі-дәрмек өндіруші және экспорттаушы Досбаев Тұрғанбай Байжанұлы "adyrna.kz" ұлттық порталына сұхбат берді. Сүбелі сұхбатты дертіне ем іздеген қалың көпшілікке ұсынамыз.

- Жалпы сіздің ҚР-на еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кафедрасына 20 жыл қызмет еткен еңбекқор жан екеніңізден хабардармыз. Ұйымдастырушылық қабілетіңізге қанықпыз. Бірақ фармацевтикаға қалай келдіңіз?

- Әуелден еңбек жолымды 1979-1980 жылдары Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  ауылшаруашылық студенттер отрядымен жұмыс жасаудан бастадым. Бір студенттің өзің  басқару оңай дүние емес екені белгілі. Алайда мен жұмыс барысында 34 мың студент қатысқан Бүкіләлемдік ауылшаруашылық студенттер отрядын (CCCH) Астрахан облысы, Черняев ауданында басқардым.   Сол жерде Қазақстанның командирі болдым.  Осы ауылшаруашылық жұмыстарда Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  қыздары 1-орынды жеңіп алып, Орталық комитеттің грамотасымен, ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. Көрдіңіз бе, сіз айтқандай менде Құдайдан берілген ұйымдастырушылық қабілет бар. Аграном, дене шынықтыру мұғалімі атанып, дәрі жасаушы маманға айналуым ата-бабамнан келе жатқан басқарушылық қабілетімнің болуында. Екіншіден,  Ресейден Ақсайға суды 15 мың адам сатып алып жатыр дегенді естіп, әкімге бардым. Маған ғимарат беріңіз, мен оны өз қаражатыма алайын, 3 айда  су шығарайын дедім. Салық осы Батыс Қазақстанда қалады, жұмыс орны ашылады, сонда жұмысшылар өз еліміздің суын тұтынатының тілге тиек етіп кеттім. Әкім "1 жылда суды шығара алсаңда ризамыз" деп арқамнан қаққан. Алайда өзім айтқанымдай 3 айда суды шығарып шықтым. Сол кезде адам денсаулығына әсер ететін ішкен суы мен жеген тамағы екеніне көзім жетті. Осылайша маған денсаулыққа пайдалы өнімдерді өндіру керек екенін түсіндім. Ақырында мақсатыма жетіп, жұмысымды ШҚО Қатонқарайдан 6 км ары орналасқан Ақсу совхозынан 1348 гектар жер алып, дәрілік шөптердің түр-түрін жинаумен айналыстым. Себебі нағыз денсаулыққа пайдалы өнімдер Қатонқарағайда. Ауасы саф, таулардан, орман-көлдерден тұратын Катонқарағайдың жеріндегі шөптерінің өзі адам жаның да тәнің де емдейтіндей еді. Осылайша қызыл кітапқа енген өсімдіктерден биологиялық белсенді қоспаларды алдым. Бұл жақта дәрілік шөптердің 180 түрі өседі екен. Табиғаттың дайын өнімдерін пайдалана отырып, «БайТұрСервис» ЖШС Қатонқарағайдан дәрілік шикізаттарды өндіретін жеке базасын құрдым. Бүгінгі күні біз ойлап тапқан 40 тан астам өнімдерім бар.

- Қазіргі заманда түрлі желілік маркетингпен айналысушылар көбейіп кетті. Не Мемлекет берген арнайы рұқсаты жоқ, не лицензиясы жоқ, әйтеуір желең сөзбен мақтап, пайдасыз өнімдерін өткізуде. Сіздің өнімдеріңіз қаншалықты заңды?

- 2012 жылдың 16 мамырында дәрі-дәрмек, фито-шай, бальзам, экстракт-капсулалар өндіруге Мемлекеттік сертификат иеленгенбіз. Яғни Мемлекет тарапынан дәрілік шикізаттарды өндіруге және сатуға рұқсатымыз бар. Тіптен тамақтану академиясы біздің өнімдеріңіміздің сапасына кепілдік берген. Одан кейін 2015 жылы ЖШС БайТұрСервис "өнеркәсіп көшбасшысы-2015" атанып, төбеміз бір көкке жеткен. Жалпы өндірілген дәрілеріміздің бәрі әлемдік және IHI Alliance стандарттарына сай, халал өнімдерінің жалпы шарттарына сәйкес келеді. Бүгінде БайТұрсервис Мемлекетке ғана шикізат таратушы емес, Орталық Азия және Қытай Халық Республикасына дейін дайын өнімдерді экспорттаушы. Қан қысымын, диабетті емдейтін фито-шай және қызыл тамыр экстракталары қазіргі таңда Қытайдың лабороториялық сынағынан өтуде. Онымен қоса ҚР-да БайТұрСервистің өз жекеменшік жерінде өсетін  180 нен астам дәрілік шөптерін экспорттау құқығына ие болған.

 

- Жоғарыда 40 дәрілік шөптерді пайдаға асырып, адам денсаулығына қажетті өнімдер шығардым деп айтып кеттіңіз. Өнімдеріңіз қаншалықты пайдалы?

- Мәселен, менің қызыл тамырдан жасалған шәйім бар. Оны Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқанда ішкен. Ол жүрек-қан тамырларының жұмысын реттеп, зәр шығаруды қалыпқа келтіреді. Имунитетті көтеріп, еркектік күш-қуатты арттырады. Ал бағанадан бері мақтап жатқан «алтын тамыр» фито-шайы жүйке жүйесін тыныштандырады. Себебі адам бойындағы бүкіл дерт күйзелістен пайда болады. Ал "Алтын тамыр" адам өмірін ұзартады. Онымен қоса фито-шәйді бір рет таңда ішсеңіз, күні бойы әлсіздіктен сақтайды. «Марал тамыры» - тәбетті жақсартады, көңіл-күйді көтеріп, шаршау, тітіркену салдарының алдын алады. «Жан шипа»- Альцгеймер, Паркинсон ауруларын емдеу үшін және бүйректің қызмет ету белсенділігін жоғарылату үшін ұсынылады. «Табиғи органикалық кальций» - адам ағзасындағы кальцийдің жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз етеді. «Диабетті емдеуші» - қандағы глюкозаларды азайтып, орнына А, В1, К, РР, В3 дәрумендерін толтырады. «Атлантикум» косметикалық бальзамы - түйенің майынан жасалған. Неврит, плекситах, радикулит, ишиалгия, бурсит, остеохондроз, протурзия, жұлындағы грыжа, геморой ауруларын емдеп жазады. «Афродита» шамдары - гинекологиялық ауруларда, атап айтсам, эрозия, миома, құрсақтағы қатерлі ісік, турбалардың қабынуы, циститке ем. «Мажуни афлотун» балдан жасалған бальзам - қан қысымы түскен кезде қалыпқа келтіріп, қан аздыққа сеп болады. "Тау жидегі" 200 қысымды аз уақытта 120-ға түсіреді. Қаншасы айтылмай қалды. Өзге де адам денсаулығын 100 % қалыпқа келтіретін өнімдерім бар.

- Тамаша! Аталған дәрі-дәрмектеріңіздің бәрін алғым келіп кетті ғой. Емдік шөптеріңіздің қуаты сондай мықты болса да, жаһанға жар салып жатқан жоқсыз. Оның себебі неде? Жалпы жарнаманы неге жасамайсыз?

- Осы күнге дейін бірде-бір жарнамамен айналыспадым. Оның себебі бастаған ісім аяғына дейін толық жетпей жатып, жаһанға жар салғанды қу жаным сүймейді. Бастаған ісіңді жариялай берсең, ол ешқашан өсіп өнбейді. Керісінше еңбегім шырқау шыңына жетіп, пісіп тұрғанда жарнамасыз-ақ танылатынына сенімдімін. Қазір бірнеше армандарым бар. Сол армандарыма қол жеткізгенде жарнаманың соңынан мен емес, керісінше жарнама менің соңымнан жүгіреді.

 

 

- Ол қандай арман болды екен?!

- Алғашқы арманым қазақ шипагерлерінің тарихына негізделген ұлттық емшілік аурухана ашу. Осы үшін қаржы жинау үстіндемін. Негізі болашақта төрт өңірде «қазақ клиникасы» деген ат беріп, емдеу орталығын ашсам арманым болмас еді. Клиниканы ашу үшін заманауи дәрігерлік клиниканың Мемлекеттік лецензиясын алу керек еді. Біз алдық. Сонымен қатар қазақ кликасының  емдеу орталығын ОҚО-да Ақсукентте ашып қойдық. Жақсы жұмыс жасап жатыр. Демек алғашқы қадамдар жасалды. Онымен қоса Мемлекеттік қазақ емшілігімен бірге зерттеу, дәрі-дәрмек зерттеу базасы мен қазақ емшілік дарындарын тәрбиелеу базасын құру ниетім бар. Және емделуі қиын ауруларға қатысты қытай тілінде «қазақ дәрігерлік шежіресі», «қазақ шипагерлігінің назарлық негізі», «қазақ шипагерлігінің тарихы» атты аударма жасалған 8 томдық әдебиеттер шығару ойымда жүр.

- "Қазақ медицинасы" деген бүгінгі таңда клиника жоқ. Сізден естіп қуанып отырмын. Клиника туралы толығырақ айтып берсеңіз..

«Қазақ емшілігі» шипаханасында Қазақ шипагерлігі жолымен емдейтін бөлімдерді, ауру түрлерін және емдеу әдістерін қысқаша таныстырып кетейін.

1. Ішкі айықтыру бөлімі: бұл бөлім Қазақ емшілігін негіз етіп, асқазан, бауыр, тыныс жолы, қан айналым жүйесі, несеп жолы, жел-құз қатарлы ауруларды емдеуді қарастырады. Емханамызда Қазақ емшілігі жолдарымен жасалған дәрілерді ішке қабылдау және денеге жабыстыру арқылы емдеу жүргізіледі.

2. Оташылық бөлім: Қазақ оташылығы ұзақ тарихи тәжірибеге ие. Бұл бөлім дәстүрлі дауалау әдістерін пайдаланып түрлі сынық, сіңір еттерінің зақымдалуы, қол-аяқ, мойын, көкірек, бел омыртқа (белтіктеулік, қорбуын, шорбуын, сорбуын) ауруларын емдеуде ерекше нәтижеге қол жеткізіп келеді.

3. Әйелдер бөлімі: Емханамыздағы әйелдер ауруы бөлімі отырма бұлау, құм бұлау, мақсатты тартылғы секілді емдеу шараларын қолданып, келдігөр, жатыр мойынының қабынуы, дас қуыс қабынуы қатарлы ауруларға ем жүргізеді. Емдеу өнімі көрнекті әрі оңай әдіспен жүзеге асқандықтан, науқастардың қолдауына ие болды.

4. Бұлаухана(суық тиюге қарсы ем): бұлаумен емдеу. Қазақ дәстүрлі емшілігінің бір түрі. Мұндағы өнімдер сапалы, ағзаға кері әсері жоқ, табиғи дәрі шөптерден жиналып, дерт түріне байланысты белгілі мөлшерде қолдануға беріледі. Бұл әдіспен жел-құз, сорбуын, шорбуын, қорбуын қатарлы ауруларды емдеуге болады. Бұлаумен емдеу науқастың денсаулық жағдайына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

5. Қаптек бөлімі (Тері аурулар бөлімі): бұл бөлім Қазақ дәстүрлі емшілігін қолданып, ішке және сыртқа дәрі қабылдату арқылы біршама күрделі тері ауруларын емдеуде ерекше нәтижеге қол жеткізуде.

6. Қандалма бөлімі (қан алу, ине және доңқамен емдейтін бөлім): бұл қан қысымы жоғарылау, тамақ қабыну қатарлы науқастардан қан алу арқылы жүзеге асатын ем. Мойын, арқа, бел омыртқа, қол-аяқ аурулары, шорбуын, қорбуын, жүйке жүйесінің бұзылуы, салдану диагнозындағы науқастарды лоңқа, құрғақ ине, ысқымалау, физикалық емдеу арқылы сауықтырады.


- Жалпы қазір адамдар ауруханаға барғысы келмейді. Тіршіліктен көз ашпай жүріп, бір күні ауруы асқынып кетеді. Осының алдын алу жолы бар ма?!

- Осыны өзім де айтқалы отыр едім. Мысалы, сіз қонақүйге не дәмханаға бардыңыз деп елестетейікші. Ол жерде сізге бірінші кофе, шәй немесе коктейл ұсынады. Бұлардың бірі қан қысымын түсіріп жіберсе, бірі қандағы қант мөлшерін көбейтеді. Тістің сарғаюына әкеп соқтырады. Жалпы айта берсең көп. Осылардың орнына менің "табиғи органикалық кальцийімді" коктейл түрінде ұсынса деймін. Немесе ташкенттік шәйдің орнына жүрегі ауыратын адам болса жүрекке арналған, бүйрегі ауырса, бүйрекке арналған шәйіме тапсырыс берсе, адам денсаулығын емдейтін еді. Аурудың алдын алу деген осы.

- Сонымен қатар сіздің кітап жазатыныңызды да естіп едік...

- Жалпы адам өзі қандай болса ауруы да сондай болады. Мәселен, ызақор, ашуланшақ адамның бауыры ауырады, немесе үнемі не болса содан шошынып жүретіндердің өт жолы қабынса, біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болып жүретіндер көк бауыр ауруымен ауырады, өзінің көркіне сенімсіз әйелдер ұйқы безінің ауруына ұшырайды. Міне, осы сынды дүниелер біздің кітабымыз да жазылған. Біз деп отырғаным Медициналық емдеудің әлем чемпионы, Шығыс медицинаның ғұлама білгірі, Республикалық I-дәрежелі кәсіби халық емшісі, жазушы Саийд Юлдашөлі Саийд Эргашөлі Құрайыш Қажы Әл Араби.  Бұл кісі маған өз батасын берген. Кітабымыз «Дәстүрлі медицинаға негізделген қазақ халық емшілігі» деп аталады. Осының үш томдығы бар. Мұнда халық емшілігіне қатысты бар мағлұматтар енгізілген. Жүйкеңіз ауырса үй жағдайында не істеу керек? Немесе бауырыңыз не себепті ауырады? Көңіл-күйдің денсаулыққа әсері?- деген секілді сұрақтарға жауаптар берілген. Жалпы айтқанда бұл кітаппен жүріп-тұрған адамдар ауырмаудың қамын жасайды.

- Үш бірдей қасиетті алып жүріп, 40 түрлі дәрі ойлап тауып, кітап шығарып, Тұрғанбай Досбаев атындағы бизнес центрді де басқарып отырсыз. Осыншама күш-қуатты қайдан алдыңыз?!

- Мен бір жасымнан әкесіз өстім. Анам ғана болды. «Анасыз өскен тұл жетім, әкесіз өскен ерке жетім» дегендей ерке жетім болып ер жеттім. Яғни менің сенер ешкімім жоқ болған соң аяққа өзім тұруым керек екенін түсіндім. Түсіндім де ертеңім үшін әрекет еттім. Егер анама ғана иек артып жүргенде бұл өмірде ешкім болмас едім. Тәңірге мың шүкір! 4-сыныпты тәмамдағанда, интернатта оқыдым. Ол жерде сабағыңды оқисың, киіміңді өздері береді, тамағыңды ішесің, спортпен шұғылданасың. Яғни мен әскерде жүргендей тәрбие алып шықтым. Әрі бойымдағы талантым да тыныш жатқызбады.

Сіз үш Жоғарғы оқу орын тәмамдап, гандболдан сегіз дүркін ҚР чемпионы атандыңыз, Үкімет 3 бөлмелі үй берді. Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кафеда меңгерушісі, кәсіподақ комитетінің төрағасы болдыңыз. "Айко" деген су шығардыңыз. 

 

Кез-келген жетістікке жеткен тұлға ретінде адамзатқа қандай ақыл айтасыз?

- Біріншіден, жұмыс істейсің бе, бар ынта-шынтаңмен, жаныңмен беріліп істе. Осы бір жұмыс үшін уақытыңды, бар сәтіңді құрбан ететіндей бол. Сәйкесінше, жұмыс та саған үлкен бақыт, таусылмас шаттық сыйлауы тиіс. Ондай болмаған жағдайда ол жұмыстан шық! Адам барлық ауруды жұмыс жасаудан тауып алатының ұмытпауы керек.

 

 

Сұхбаттасқан: Ақгүл АЙДАРБЕКОВА

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер