Қарағанды маңында цемент таситын көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

1153
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

 7 шілде күні "Қарағанды-Теміртау" автожолында цемент таситын көлік аударылды. Бұл туралы Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасында  оқиғаның салдары түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Бүгін Қарағанды-Сортировка" тасжолында болға жол-көлік оқиғасының орнында түсірілген видео. Цемент тасушы көліктің жүргізушісі бұрылыста тізгінге ие бола алмай қалып, жол шетіне шығып кеткен", - делінген видео сипаттамасында.

Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жол-көлік оқиғасы туралы түсініктеме берді. Полицейлердің мәліметінше, апат 7 шілдеде, жексенбіде сағат 08:58-де "Қарағанды-Теміртау" автожолында болған.

"Liangshan Dongyue көлігінің 38 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, денсаулығының нашарлауына байланысты тізгінге ие бола алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан қаза болды", - деп түсіндірді полициядағылар.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Пікірлер