Қарағанды маңында цемент таситын көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

3124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/f8359913-6c0e-4c9d-8df0-e75e4b08f7b4.jpeg
 7 шілде күні "Қарағанды-Теміртау" автожолында цемент таситын көлік аударылды. Бұл туралы Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасында  оқиғаның салдары түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
"Бүгін Қарағанды-Сортировка" тасжолында болға жол-көлік оқиғасының орнында түсірілген видео. Цемент тасушы көліктің жүргізушісі бұрылыста тізгінге ие бола алмай қалып, жол шетіне шығып кеткен", - делінген видео сипаттамасында. Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жол-көлік оқиғасы туралы түсініктеме берді. Полицейлердің мәліметінше, апат 7 шілдеде, жексенбіде сағат 08:58-де "Қарағанды-Теміртау" автожолында болған. "Liangshan Dongyue көлігінің 38 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, денсаулығының нашарлауына байланысты тізгінге ие бола алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан қаза болды", - деп түсіндірді полициядағылар. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Комментарии
Другие материалы