Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы 17 жылдан кейін туған анасымен кездесті

1641
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Канадада өскен қазақ жігіті Жандос Райан араға бірнеше жыл салып биологиялық анасымен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Шетелдіктер бауырына басқан қазақ баласы Жандос 10 айлығында шекара асып кеткен. Оны Торонтода тұратын шетелдік отбасы асырып алған. Канадалықтар ер жеткен ұлдарының қалауына қарсы шықпай, Қазақстанға алып келген. Ол 17 жылдан кейін ғана өз туған жеріне аяғын басты.

"Анам мені тастап кетсе де оған еш өкпем жоқ екенін айтқым келеді. Оны жазғырмаймын да. Тағдырдың жазуы солай шығар. Ал Ата жұртым мені ерекше ыстық ықыласымен қарсы алды. Жайлауда болып, домбыра аспабымен таныстым. Халқым қонақжай екен", - деді Жандос.

Туғанын көрген қазақ жігіті бауырларымен де танысты. Кейіннен сәбилер үйіне барып, өзін баққан тәрбиешілермен қауышты.

"Ол туған анасын көргісі келе ме жоқ па өзі шешеді деп келдік. Ұлымыздың Торонтода қазақ достары көп. Олармен жиі кездесіп, араласып тұрады. Сонда достарының бірі анасын табуға кеңес берген. Біз оның ниетін қолдап, Ақтауға алып келдік", - деді асырап алған анасы шетелдік әйел Шанас Мұхамед.

Пікірлер