Қазақстан мен Қытай университеттері бірлесіп, микроспутник арқылы зерттеу жүргізбек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс политехникалық университеті микроспутник арқылы ғылыми зерттеу жүргізу бойынша келісімге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің ректоры Жансейіт Түймебаев аталған келісімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бірлескен мәлімдеме жасау барысында қол жеткенін айтады.
ҚазҰУ баспасөз қызметі Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті ғарышқа наноспутниктерді«Ортақ жұмыс өз кезегінде ғарышты зерттеуге, білікті мамандарды даярлауға және ортақ спутниктерді әзірлеуге жол ашады. Сонымен қатар микроспутник арқылы жерді қашықтықтан зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік береді», — деді Жансейіт Түймебаев ШЫҰ жиыны кезіндегі «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық симпозиумда.
Новости по теме
«Жылдан жылға ШЫҰ-ға мүше елдер арасында барлық сала бойынша ынтымақтастық артып келеді. Бұл тұрғыда университеттер білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады. Қазір ғылыми зерттеу жүргізу, халықаралық деңгейде білім беру және іскерлік байланысты дамытудың маңызы орасан зор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары оқу орындары мен ШЫҰ университетінің хартиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мақсат — әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу және отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілетін арттыру», — деп толықтырды Жансейіт Түймебаев.