Алматы темір жолында екі бірдей апат болды – қорқынышты кадрлар

1771
Апаттардың бірінде кінәлі жүргізуші көлігін тастап қашып кетті

Алматыда екі көлік жүріп келе жатқан пойыздың жолында қалып қойды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Бірінші жол апаты жексенбі күні кешке Бекмаханов көшесінде Сүйінбай көшесіне жетпей болған. Lada Priora Бекмаханов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, жол кептелісіне тап болады. Көлік темір жолдан өте бергенде, пойыз қағып кетті.

Екінші жол апаты Лавренев көшесінде "Жұлдыз" шағын ауданына бұрылар жерден төменірек болған. Куәгерлердің айтуынша, каршеринг қызметіне тиесілі Volkswagen Polo Лавренев көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқанда, жүргізуші кенет қарсы бетке шығып, қатты жылдамдықпен келе жатқан Mercedes E көлігімен бетпе-бет соқтығысады.

Жойқын соққыдан Mercedes қарсы бетте бірнеше жүз метр жүріп өтіп, аллеядан асып, пойыз жүріп келе жатқан темір жол үстінде бір-ақ тоқтады.

Мерседес вылетел на ж/д после лобового столкновения на ул. Лавренева

Жол апатынан Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жалға алынған көліктің жүргізушісі оқиға орынан қашып кетті. Полиция апаттың мән-жайын анықтап, қашқын жүргізушіні іздеп жатыр.

Авто каршеринга, попавшее в аварию на ул. Лавренева

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket