Ұлттық құраманың бас бапкері қазақша сауал жолдаған журналиске шүйлікті

1558
Adyrna.kz Telegram
Фото: meta-ratings.kz
Фото: meta-ratings.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Астанада алғаш рет баспасөз мәжілісін өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sport24-ке сілтеп.

27 маусым күнгі жиын барысында бапкерге журналист Нұрсұлтан Құрман қазақша сұрақ қойған болатын. Алайда Станислав Черчесовке БАҚ өкілінің қойған сауалы ұнамаған.

БАҚ беттерінде тараған ақпаратта Нұрсұлтан Құрманның қазақ тілінде жолдаған алғашқы сауалдарын ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов орысшаға аударып беріп отырған.

«Неге орысша қоймайсыз? Мен қазір сізге өз ана тілімде жауап берсем не болады? Бірақ ол кезде ешкім түсінбейді. Осының алдында қазақша сауалыңызды федерация президенті аударып берді, енді ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», –  деді ресейлік бапкер Станислав Черчесов.

Журналист әрі блогер Нұрсұлтан Құрман Metaratings басылымына қазақ тіліндегі сұраққа байланысты кикілжіңнен кейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовті кешіргенін айтты. Құрманның айтуынша, Станислав Черчесов өзін бұрынғы Магомед Адиевтен мүлдем басқаша ұстайды.

«Мүмкін, Черчесов жолдан шаршаған шығар, бірақ ол журналистермен сөйлесудің алғашқы минуттарынан-ақ оларға қарсы шықты. Біз мұндай мінез-құлыққа үйренбегенбіз және мұндай қарым-қатынас ұнамайды. Сонымен, Черчесовке, біздің командаға сәттілік тілеймін!Бұл жолғы жағдайды әзіл ретінде қабылдауға болады. Қателік жасамайтын адам жоқ. Мен оны бұл қателігі үшін кешіремін. Келесі жолы мұндай жағдай қайталанса, біз басқа шараларды қабылдаймыз», - деді Құрман.

Айта кетейік, жақында бапкер Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті алмастырған болатын.

Пікірлер