Дипломатиялық қызметте жүріп "әйелін сабады" дейтін Сәкен Мамаш қамауға алынды

1552
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

28 маусымда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАӘ-дегі елшіліктің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Істің мән-жайлары бойынша елші кеңесшісі жанжал барысында жұбайына қатысты физикалық күш қолданған.

"Сот отырысы барысында М. және оның адвокаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін көрсетті, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған орын ҚР юрисдикциясына жатпайтынын, одан бөлек М-ның әрекеттері қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде жеке тергеу жүргізіліп жатқан өзінің және оның жұбайының арасындағы отбасылық-тұрмыстық іс-әрекеттерге жататынын көрсетті", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен сотталушы ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінде кеңесшісі болып істейтін Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш күйеуінен көп жылдар бойы қорлық көріп келгенін айтып, полицияға арызданған. Дипломат әйелінің арызынан соң елге шақыртылып, қызметінен босатылды.

Пікірлер