Халықаралық сот Ресейдің ірі шенеуніктерін қамауға алу туралы ордер берді

1828
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Ресей бас штабының басшысы Валерий Герасимовты қамауға алуға ордер берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Қос шенеунікке қатысты Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар мен бейбіт тұрғындарға зиян келтіргені үшін қамауға алуға ордер берді.

ХҚС бұған дейін президент Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы, сондай-ақ екі ресейлік әскери қолбасшыны қамауға алуға ордер берген болатын.

ХҚС баспасөз хабарламасы Шойгу мен Герасимовқа тағылған айыптар 2022 жылдың 10 қазанынан 2023 жылдың 9 наурызына дейін болған оқиғаларға қатысты екені белгілі болды.

Себебі бұрынғы қорғаныс министрі және Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы азаматтық объектілерді нысанаға алу бойынша әскери қылмысқа, сондай-ақ бейбіт тұрғындарға шамадан тыс зиян келтіруге байланысты әскери қылмысқа жауапты деген болжам бар.

Бұған қоса, олар «адамгершілікке жатпайтын әрекеттер түріндегі адамзатқа қарсы қылмыс жасады» деген күдікке ілінген.

«Екі күдікті 2022 жылдың 10 қазаны мен 2023 жылдың 9 наурызы аралығында ресейлік әскери күштердің Украинаның электр энергетикалық инфрақұрылымына жасаған зымырандық шабуылдарына жауапты деуге негізді негіз бар», - делінген соттың баспасөз қызметі жолдаған хабарламасында.

"Осы уақыт ішінде Украинаның электр станциялары мен қосалқы станцияларына көптеген шабуылдар жасалды", - деп толықтырылған ХҚС мәлімдемесінде.

2023 жылдың 17 наурызында ХҚС Ресей президенті Путин мен балалар омбудсмені Львова-Белованы қамауға алуға ордер берген еді.

Бірақ Ресей сыртқы істер министрлігі Гаагадағы халықаралық соттың шешімдерінің Ресей үшін заңды күші жоқ екенін мәлімдеді.

Пікірлер