Су тасқыны бола ма, болмай ма? - Вице-премьер жауабы

2002
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-14-at-12.35.18-960x500.jpeg?token=6ae9a9fb91715072735868f1ef97fed2
Премьер-министрдің орынбасары келесі жылы су тасқыны болмайды деп нақты айта алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды"Адырна" ұлттық порталы.   Вице-премьер Қанат Бозымбаев әріптестердің отставкаға қатысты сауалына жауап берді.
"Біріншіден, менің тәжірибем бар. Сондықтан отставкаға кетуге дайынмын. Қазір біз баспанасыз қалған адамдарды үймен қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Екіншіден, апатты алдын ала болжайтын жүйені жасауға назар аударып жатырмыз. 2 мәселені биыл қолға алып, тиісті министрліктерді қамтамасыз етіп, бәрін жасасақ, су тасқыны болса да, келген шығын аздау болады", - деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.
Одан бөлек, вице-премьерге келесі жылы апаттың қайталануы мүмкін бе деген сауал жолданды.
"Оны кім айтады? Алладан сұраңыз... Су тасқыны бола ма, болмай ма? Оны Алладан сұраңыз", - деп премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев жауабын қысқа қайырды.
Комментарии