Елордада бала күтушісі екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген

2212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/ojynshyқ-960x500.jpg?token=f4783b3888577beb761e5fd360c9cc97
Астанада бала күтушісі екі жасар баланы өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қайғылы оқиға 20 маусымда болған. Әлеуметтік желідегі бейресми дерекке сүйенсек, Астанада бала күтушісі кішкентай баланы буындырып өлтірген. Оның денесін анасы тауып алған. Бұл деректі Астана қалалық полиция департаменті растады. 24 жастағы әйел баласымен елордадағы Мәскеу көшесіндегі жалдамалы пәтерде тұрған. Баланың денесінен тұншықтыру іздері байқалған. Күдікті ретінде 38 жастағы бала күтушісі ұсталды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы өлтіріп алу» бойынша іс қозғалды. Әйелдің әрекеті дәлелденсе күтуші 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Комментарии