Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде «үздік фильм» атанды. Қуанышты хабарды журналист Айнұр Мұратова жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сүйінші! «Алтын кубок» бізде!»— деп жазды ол.
Айта кетейік, фестиваль маусым айының 14-23 аралығында өтті. Оған Франция, Аргентина, Испания, Германия, Иран, Қытай секілді елдердің туындылары да ұсынылды.
22 маусымда Шанхайда 26-шы халықаралық Шанхай кинофестивалінің (SIFF) «Алтын кубогымен» марапаттау рәсімі өтті.
Нәтижесінде «Үздік фильм» номинациясын қазақстандық «Талақ» фильмі жеңіп алса, осы кинода басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік актриса деп танылды.
Қазинформның хабарлауынша, 2024 жылғы кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына екі қазақстандық фильм кірді: толықметражды көркем фильмдер бөліміне режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі таңдалды. Фильмнің Шанхай кинофестивалінде әлемдік премьерасы болды.
«Жаңа Азия таланттары» бағдарламасында Қазақстан, Ресей жәнеНовости по теме
Бұған дейін Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген «Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде көрсетілетінін жазған едік. Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеуімен жарық көрді.