Сот арқылы. Жусанбаев АМӨЗ басшысы қызметіне қайта оралуға қол жеткізді

1272
Adyrna.kz Telegram
Фото: kmg.kz
Фото: kmg.kz

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаев қызметіне қайта оралу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл туралы ҚазТАГ-қа Қазақстан мұнай және газ кеңесінің дереккөздері айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Астанадағы сот отырысының қорытындысы бойынша сот «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаевты өтемақы төлей отырып, қызметіне қайта тағайындау туралы шешім қабылдады», - деді PetroCouncil.

Сот кабинетінің мәліметінше, 21 маусым күні сотта Ғалымжан Жусанбаевтың талап-арызы бойынша оны жұмысқа қайта тағайындау, мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін жалақысын өндіру және моральдық зиянды өтеу мәселесі қарастырылған.

Айта кетейік, Ғалымжан Жусанбаев 2024 жылдың 10 қаңтарында Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры лауазымына тағайындалған еді. 16 ақпанда зауыттың бас инженері Әділет Шошанбасов жаңа бас директорды зауытта қауырт жағдай жасады, балағат сөздер айтты және кәсіпорын басшылығы тарапынан ықтимал қаржылық ұрлық жасады деп айыптады.

Ғалымжан Жусанбаев бұл мәлімдемеге пікір білдіріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ескі кланның билікке кедергі келтіріп отырғанын жеткізді. Бұл дау бойынша «ҚазМұнайГаз» тарапынан құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп, 19 ақпанда Жусанбаев қызметінен босатылды.

Пікірлер