21 мың жәрдемақы алатындардың зәулім үйі, 2 автокөлігі, азық-түлік дүкені бар!

3629
Adyrna.kz Telegram


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқармада атап өткендей, үш ай ішінде кейбір көпбалалы отбасылар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартудың арқасында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) бас тартқан.

Алматылықтардың бірінің айтуынша, ол жұбайымен бірге көмектен ерікті түрде бас тартуды шешкен, себебі оның ісі өрге басып, отбасын мемлекеттің көмегінсіз өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болған.

Осылайша, үш ай бойы 105 мың теңгеден алып отырған жұп бұл ақшаны шынымен мұқтаж адамдарға жұмсау жақсы деп ойлапты.

Ведомствода атап өткендей, оңтүстік елордада кейбір қалалықтар тарапынан атаулы көмекті - артық төлеу, екі есе төлем, нақты табыстарды жасыру және т. б. заңсыз алу фактілері анықталған.

Мысалы, Бостандық ауданында бір отбасының алты адамы 3 деңгейде коттеджде тұрады, олардың қымбат жол талғамайтын көліктері бар. Алайда, олар 45 мың теңге табыс көрсеткендіктен мемлекет оларға 112 мың теңге төлеген.

Ал Медеу ауданында 18 адамнан тұратын отбасы жеке үйде тұрады, екі автокөлік және жеке азық-түлік дүкені бар. Өтінімде 309 мың теңге кіріс көрсетілген, яғни әр адамға 17,1 мың теңгеден келіп тұр. Осылайша, олар 270 мың теңге көлемінде жәрдемақы алды.

Мұндай жағдайларда төлемдерді тоқтату, сондай-ақ азаматтар алған қаражатты қайтару жөнінде шаралар қабылданады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер