«Халық лигасы»: Halyk балаларға баскетбол арқылы өз жолын табуға көмектесіп жатыр

8956
Adyrna.kz Telegram

Halyk Bank ҚР Ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп осымен 16-шы жыл бүкіл Қазақстан бойынша балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында "Халық лигасы" әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жатыр. Биыл да Halyk осы дәстүрді жалғастырмақ.

2024 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің 16 өңірінен 364-тен аса бала кәсіби жаттықтырушылардан баскетбол ойнауды үйренеді. Жобаға Атырау, Талдықорған, ШҚО, Түркістан облысы, Петропавл, Павлодар, Семей, Ақкөл, Екібастұз, Қарағанды, Алматы, Рудный, Қызылорда, Шымкент, Орал және Тараз қалаларынан балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысады.

"Халық лигасы" - бұл жай ғана спорттық жоба емес, бұл қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау мен дамытуға арналған әлеуметтік миссия. Halyk осындай бастамалардың маңыздылығын түсіне отырып, жас ұрпақты қолдауға ерекше көңіл бөледі. Жоба салауатты өмір салтын насихаттауға және балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілерінің бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Біз жыл сайын қатысушылардың саны артып келе жатқанын көреміз. Егер өткен жылы еліміздің 16 өңірінен 290-ға жуық бала баскетбол ойынын үйренсе, биыл 360-тан аса бала бар", - деді Ольга Вурос, Halyk Басқарма төрағасының орынбасары әрі жоба кураторы.

"Халық лигасының" арқасында көптеген балалар өмірде өз жолын тауып, танымал болып, болашақ мамандықтарын таңдайды. Жоба жақсы оқуға және спортпен шұғылдануға ынталандыру, сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылар мен төрешілер алдында өз жетістіктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.

Айта кетейік, жоба басталғалы "Халық лигасы" арқылы 3,5 мыңнан аса бала оқудан өтті, 50–ден астамы - ҚР спорт шеберіне кандидаттар, 3-і - ҚР спорт шеберлері. Сондай-ақ, "Халық лигасына" қатысқан балалар үйі мен интернат түлектері спорттық мансабын кәсіби клубтарда да, баскетбол жаттықтырушылары ретінде де жалғастырып жатыр.

Осындай ұзақ жаттығулардан кейін "Үміт Кубогы" чемпионаты өтеді. Биыл Кубок 18 маусымдаөтеді. 24 команда Алматыға келіп, бар өнерін көрсетеді.

"Халық лигасы" - қиын жағдайда жүрген балаларымыздың дамуына айтарлықтай әсер ететін бірегей және маңызды жоба. Біз спортты насихаттап қана қоймай, балаларды жарқын болашаққа шабыттандыратын осы бастаманың бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Жыл сайын біз қатысушылар санының және олардың спорттық жетістіктерінің өсімін көріп отырмыз. 3,5 мыңнан аса бала осы жобадан өтті, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасының кандидаттары мен спорт шеберлері болды, сондай-ақ кәсіби клубтарда және жаттықтырушы қызметінде спорттық мансабын жалғастырып жатыр. Бұл жоба балаларды баскетболға үйретіп қана қоймай, оларды тұлға ретінде қалыптастырады, оларға өздерін дәлелдеуге және табысты мансап құруға мүмкіндік береді. Біз Halyk Bank – ке осы маңызды істегі қолдауы мен серіктестігі үшін алғыс айтамыз және еліміздің түкпір-түкпірінен үздік командаларды жинайтын "Үміт Кубогы" чемпионатын өткізуді асыға күтеміз", - деді Қазақстан баскетбол федерациясының бас хатшысы Алмаз Ұзақов.

Бұл жоба - Halyk-тың әлеуметтік жауапкершілігі мен ұлт болашағына қосқан үлесінің жарқын үлгісі. Осылайша, спорт тек ойын-сауық емес, сонымен қатар Қазақстанның жас ұрпағы үшін жаңа өмір шыңдарына бастау бола алатынын көрсетеді.

Пікірлер