Шегірткені жеуге болады деп айтпадым – Жұманғарин

1811
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «шегірте — халал өнім» деген атышулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әлеуметтік-саяси өміріміз шиеленісіп жатқандықтан, аздап көңіл көтеру үшін
осындай мәлімдемелер жасаймын. Дегенмен, мен ешкімге шегіртке жеуге болады айтқан емеспін. Әңгіме аясында оның халал өнім екенін айттым. Білуімше, белгілі бір ақпарат құралдары бұл фактілерді тексеріп, растады. Мен жауапты мемлекеттік қызметкермін және, әрине, өз азаматтарымызға ешқашан шегіртке жеуді ұсынбаймын. Құдайға шүкір, бізде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жұманғарин Қазақстанда шегірткелердің қаптауы жайлы сөз қозғап, оларды тұтыну халал екенін айтқан еді. Ал 11 маусымда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірді.

«Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән емес дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Бұл менің құзыретіме кірмейді», - деді ол.

Пікірлер