КӘМШАТ ТАСБОЛАТ: Біз осы қаншалықты қауіпсіз елде тұрамыз?

1127
Adyrna.kz Telegram

Бір күні Астанадағы «Артем» базарының маңында үш бірдей жап-жас шолақ балақты, мұртсыз сақалды жігіттер әкесіндей бір кісіні ортаға алып, жағасынан ұстап, боқтап жатыр екен.

“Ойбай, мыналар не істеп жатыр!”- деп жандарына бара жатыр едім, елулердегі әйел қолымнан ұстап алды да артқа тартты. “Бұлар мына кісінің телефонын тартып алған, бермей тұр, сен араласпа,”- деді. “Қалай араласпаймын. Бұл қылмыс қой,”- деп едім, “Олар местный бандиттер, полиция түк те қылмайды, бұларды қарғаудан басқа амал жоқ. Құдай жазасын береді әлі,”- деді…

«Артем» жақта ығы-жығы халық, көбі еркек.

Бізді қойшы, бірде-бір еркектің араласпағанына, ағаны арашалап алмағанына өкіндім…

Жастау кезімде ҚазМУ жақта бес жігіттің соққысынан бір жас баланы арашалап алғанмын. Ал отбасылы болғасын бұрынғыдай батыл бола алмайды екенсің… Амал жоқ, жүрегіміз қанжылап кете бардық.

Қайтарда такси ұстадым. Ер азаматтың аты жазылғандай еді – қызбала келді. “Тәте, отырыңыз, бұл – менің әкемнің аты. Таксиде қыздарға көп тиіседі ғой, міне, аяғымның астында бита тұр, сақалды шалдар тиіссе, битамен ұрам,”- деді.

Бір күнде осыншама ауыр кейс көрдік.

Біз осы қаншалықты қауіпсіз елде тұрамыз?

Бізде тіпті мәнерлеп сырғанаудан шыққан жалғыз әлем чемпионын осындай радикал өлтіріп кетпеп пе еді? Жалпы деструктивті ағымдарға тойтарыс беріле ме? Әлде тапа талтүсте “көлігімді сырып кеттің” деп әкесіндей адамды өлтіріп жүре бере ме? Жаны жәннатта болсын! Ең өкініштісі, ертең осындай бір радикал түрмеге барып, өз идеологиясын ұрылар, абьюзерлер, жемқорлар арасында жайып, жүз радикалды шығарады ғой… Еліміздің болашағы бар ма осы? Қашан қатаң заң қабылданады? Мұндай заң қабылдаған Өзбекстан Орталық Азияның Норвегиясы болады әлі, ал Қазақстан екінші Ауғанстан болмасын деп тілеуден, радикалдарды қарғаудан басқа амал жоқ бізде…

 

Kamshat Tasbolat

 

 

Пікірлер