Аспан асты елінен Атырау халқына гуманитарлық көмек келді

661
Adyrna.kz Telegram
фото: Turkystan.kz
фото: Turkystan.kz

Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган ірі портынан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көмек 10 маусымда Атырауға жеткен.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Қытай мен Қазақстан ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер екенін жеткізді.

"Ляньюньган мен Атырау бір-бірінен алыс болса да, халықтардың қарым-қатынасына кедергі келтірмейді. Кейбір себептерге байланысты біздің гуманитарлық көмек сәл кешігіп қалды. Бірақ бұл сіздің елге қамқорлық көрсету ниетімізге кедергі емес. Бүгін мен Ляньюньган портының атынан гуманитарлық көмекті Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына тапсырамын”, – деді Орталық Азиядағы Ляньюньган портының өкілдігінің директоры Чжао Вэй.

Облыстағы су тасқынынан зардап шеккендерге Ляньюньган қаласынан шатырлар, төсек-орын жабдықтары, қолғаптар, резеңке етіктер, күректер мен ылғал сіңіретін құралдар жеткізілді.

Пікірлер