БАҚ-қа қысым жасаған кезде мүлдем басқа нәрсе пайда болады — Аймағамбетов

1209
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Ресми БАҚ-ты ығыстыра отырып, анонимді арналардың көптігіне таңғалудың қажеті жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Барлық БАҚ қажет. Олардың бәрі де маңызды рөл атқарады, әсіресе ресми медианы атап өту керек. Ресми БАҚ-ты ығыстыра отырып, анонимді арнаның, инфлюенсер мен блогерлердің көбеюіне таңғалудың қажеті жоқ. Жалпы БАҚ деген не? Ода фактчек, редакциялау, этика бар. Біз БАҚ-қа қысым жасаған кезде мүлдем басқа нәрсе пайда болады»,- деді ол жұма күні Astana open Dialogue-те.

Депутат БАҚ-ты дайын емес спикерлердің белгілі бір мәлімдемелері үшін кінәлі деп тануға болмайтынын мәлімдеді.

«Ақпарат бәрібір шығады. Егер қате ақпарат пайда болса, бұл, ең алдымен, коммуникациямен мәселе бар деген сөз. Журналистерден қашсаңыз, жауап беруге дайын болмасаңыз, баспасөз хатшыңыз мынау туралы сұрайды деп алдын-ала ескертпеген болса, БАҚ-қа айып тағудың қажеті жоқ. Сіз бұл жағдай үшіе өзіңізді кінәлауыңыз керек. Сондықтан, менің ойымша, бұқаралық ақпарат құралдарында ешқандай мәседе жоқ. Біз, керісінше, оларды барлық жағынан қорғауымыз керек. Егер ақпарат дәстүрлі медиа арқылы пайда болса, онда бізде Telegram арналары мен басқа да ресурстар өз әсерін жоғалтады. Сондықтан осы бағытта жұмыс істеуіміз тиіс деп ойлаймын»,— деді Аймағамбетов.

Пікірлер