Ленин шахтасындағы апат. 4 басшыға қатысты сот үкімі шықты

707
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aa.com.tr
Сурет: aa.com.tr

6 маусымда Шахтинск соты Ленин атындағы шахтада қаза тапқан кеншілер ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кәсіпорын басшылары өндіріс кезінде екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтыратындай қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталды.

«Сот сотталушыларды Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, желдету және қауіпсіздік бөлімінің басшысы 5 жылға, желдету, қауіпсіздік және болжау қызметі бөлімі бастығының көмекшісін, сондай-ақ ауысым бастығы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қауіпсіздік техникасы учаскесін желдету бастығының көмекшісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды»,- деп үкімді жариялады судья.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Ленин атындағы шахтада метан газы тараған еді. Салдарынан 5 кенші қаза тауып, төртеуі жарақат алды. Сотта қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны және жауаптылардың метан мөлшерінің артық екенін біле тұра, кеншілерді шахтаға жібергені дәлелденді.

Пікірлер