Көкшетауда К.Шәкеевтің 100 жылдығына арналған жыршылар байқауы өтті

896
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы Мәдениет басқармасы.
Фото: Ақмола облысы Мәдениет басқармасы.

Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жырымен тербеген Көкшенің Көкені» облыстық жыршылар байқауы өтіп, үздіктер марапатталды.

Қазақы сөздің қадір-қасиетін жоғары бағалап, шығармалары сөз асылын білуге, орынды қолдануға, көркемдігін барынша пайдалана білуге үндейтін халық ақыны Көкен Шәкеевті насихаттауға бағытталған байқау іріктеу және қорытынды кезеңдерден тұрды. Іріктеу кезеңге Қорғалжын, Целиноград, Аршалы, Бұланды, Шортанды аудандары мен Қосшы қаласынан 12 жыршы қатысты.

Қазылар алқасының құрамына Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы - ақын-импровизатор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, қазылар алқасының төрағасы; Хасенов Сәрсенбай  Оразұлы- Ақмола облысы мәдениет басқармасының  жанындағы «Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық  филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  дәстүрлі әншісі, халық әндерінің шығу тарихын зерттеуші; Мукушев Кенжебай  Жәнібекұлы Ақмола облысының мәдениет басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, дәстүрлі әнші енді.

 

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені-200 мың теңгенің сертификатын Ұлдана Нұртуған (Бұланды ауданы) иеленсе, бірінші орынды-150 мың теңгенің сертификатын Баян Жұбанова (Қорғалжын ауданы), екінші орынды-100 мың теңгенің сертификатын Елеш Нұрғиса (Бұланды қаласы), үшінші орынды-80 мың теңгенің сертификатын Айсұлу Ысқақова (Аршалы ауданы)  жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Пікірлер