Бишімбаев сотына келісімсіз келген журналист зорланған баланы қарауына алғанын айтты

600
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ксения Собчак парақшасынан
Фото: Ксения Собчак парақшасынан

Ресейлік журналист Тувалық баланы оңалтуды ұйымдастырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Шетелдік БАҚ беттерінде тележүргізушінің жоғарғы сынып оқушыларының зәбір көрген балаға көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

Ксения Собчак игі ісі туралы алдын ала жазба жарияламай, тек баланы ауруханаға орналастырған соң айтуды жөн санағанын атап өтті. 3 маусым күні БАҚ өкілі баланың қауіпсіздікте екенін мәлімдеді.

«Тувада жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың бүкіл отбасын Мәскеуге апардым. Бала елордадағы ең жақсы ауруханаға оңалтуға жіберілді. Мен мұны жанұя өзін жайлы сезіну үшін тыныш өткіздім. Олар қазір қауіпсіздікте. Зорлаушылардың туыстарынан, қысымнан алшақ», - деп жазды тележүргізуші.

Жәбірленген бала өзінің зорланғаны туралы ешкімге тіс жармаған. Ал оны ермек қылған жоғарғы сынып оқушылары заңсыз әрекеттерін бірнеше рет қайталаған көрінеді.

Айта кетейік, 22 сәуірде Ресейдің тілшісі әйелін өлтірген экс-министрдің сотына келген болатын. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сырттан келген Ксения Собчактың сотқа қатысуын "келісімсіз" деп атады.

Пікірлер