Министр сырттан келген Собчактың сапары келісілмегенін айтты

1429
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист Ксения Собчактың келуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аида Балаева сотқа ресейлік журналист Ксения Собчактың келуіне рұқсат бермегенін айтты.

«Әрине жоқ», - деп жауап берді Балаева журналистер Ксения Собчактың сапары келісілді ме деген сұраққа.

Журналист Айнұр Қоскина Собчактың келуіне байланысты біздің журналистердің сот ғимаратын айналып өтуіне кедергі болғанын хабарлады. 

БАҚ өкілі министрге «Бүгін экс-министр Қуандық Бишібаевтың сотына ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак келді. Бұл Мәдениет жән ақпарат министрлігімен келісімі болды ма? Шетелдік журналист ретінде оған басымдық берілді ме? «деген сауал жолдады.

Ведомство басшысы Аида Балаева бұл ақпаратты БАҚ ақпарат тарағаннан кейін білгенін айтты.

«Мұны қараймыз. Өзім де журналистің келгені туралы ақпаратты БАҚ-тан көрдім. Оқиғаның мән-жайын анықтаймын. Айтпақшы, мен сот процесін бақылап жүрген жоқпын және оны сіздердің материалдарыңыздан білемін», – деді Балаева.

 БАҚ өкілдерінің айтуынша, ол жердегі Собчактың артықшылығы: ол отырады, басқалары түрегеп тұрған.

Балаева бұған қатысты жағдайды анықтайтынын айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік журналист Ксения Собчактың экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқанын хабарлаған едік. Сонда соттың баспасөз қызметі ресейлік журналистің аккредитациядан өткенін растады. 

Пікірлер