Тарихшы Светлана Смағұлованың ашаршылық туралы кітабы шықты

2327
Adyrna.kz Telegram

Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің ғылыми қызметкері, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Абай Университеті профессоры Светлана Смағұлованың «Зұлмат жылдар зардабы» атты зерттеу еңбегі баспадан шықты. Бұл туралы Алматы қаласы музейлер бірлестігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Монографиялық еңбекте ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ жерінде түрлі саяси науқандардың жүргізілу барысы, үкімет тарапынан көрсетілген қысымшылық, наразылықтар мен көтерілістер жайлы айтылады. Автор саяси жағдайларға тоқтала отырып, 1931-1933 жылдарындағы аштықтың шығу себебі мен салдарына, аштық барысындағы үкіметтің жүргізген іс-шаралары мен қазақ азаматтарының жоғары орындарға жіберген хаттары, балалардың ашығуы, ұлт қайраткерлерінің аштық ауыздықтаудағы қызметі жан-жақты талдайды.

Кітап гуманитарлық ғылымдар саласы мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналады.

Баспаға Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.

Оқырман назарына сала кетелік, Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйінде 31-мамыр Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні “Зұлмат жылдар зардабы” атты дөңгелек үстел өтетіні хабарланған болатын. Шара аясында аталған кітаптың да тұсаукесері өтеді. Дөңгелек үстелге тарихшы, алаштанушы ғалымдар, музей-үй жанкүйерлері және музейде практикадан өтіп жатқан стундеттер қатысады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер