Петропавлда үйін жарып жіберген 95 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Бұл туралы СҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, зейнеткер 26 мамырға қараған түні қайтыс болған.
Қарияның денесінің 60 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің сөзінше, мұндай жағдайларда тері некрозы (дене тіндерінің бұзылуы) болады.
Еске сала кетейік, 22 мамыр күні Петропавлда әйелімен жанжалдасқан қария өзін өлтірмек болып газ баллонын жарып жібергенін хабарлаған едік.
Көршілерінің айтуынша, зейнеткер бақшасына картопты кімнің отырғызғанын ұмытып қалып шу шығарған көрінеді.
Жанжал қала шетіндегі жер үйде болған. Көршілері екі рет гүрс еткен жарылысты
Ал газ баллонын жарған үй иесі басын аман алып шығып, қораға тығылып үлгеріпті. Оны құтқарушылар жедел жәрдемге тапсырған. Зейнеткер сол сәтте есін білгенімен, ауруханаға келген соң жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған еді.