Әйелімен жанжалдасқан 95 жастағы қария үйін жарып жіберді

2063
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда 95 жастағы қария әйелімен жанжалдасқаннан соң өзін газ баллонымен жарып жібермек болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам 22 мамырда полицияға  хабарласып, өзін жарып жіберемін деп қорқытқан.

«Осы қоңырау бойынша мұнда полиция қызметкерлері келді. Олар қарт ер адаммен сөйлесуге тырысты. Бірақ ол есікті кілттеп, ашпай қойған. Осы кезде газ-ауа қоспасы пайда болып, соңынан үй жарылған. Кейін өрт сөндіру бөлімі шақырылды”, – деді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Назымбек Елемесов.

Полицейлер өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртеніп жатқанын, көрші үйдің қаптамасы жанып үлгергенін атап өтті.

«Зардап шегуші құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Ал өрт сөндірушілер өрттен тағы бірнеше газ баллондарын шығарды»,—деді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.

Қазіргі таңда зейнеткердің жағдайы ауыр халде.

«1929 жылғы науқас көп бейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Денесінің 35-40 пайызын термиялық күйік шалған. Арқасы мен қолы күйген, бірақ есін жиды»,– деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлау.

Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 105-бабы («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер