Қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушыға не болады? - Министр жауап берді

3451
Adyrna.kz Telegram
Фото: kopis.edu.kz
Фото: kopis.edu.kz

Оқу-ағарту министрі қазақ тілінен емтихан тапсыра алмағандарға не болатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет брифингінде Ғани Бейсембаев міндетті емтиханнан өте алмаған жағдайда оқушылардың құқығына ештеңе болмайтынын айтты. Емтихан нәтижесі балаға келесі сыныпқа өтуіне, лицейге немесе гимназияға ауысуына әсер етпейді.

"Емтихан қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан шаралардың бірі екенін атап өткім келеді. Бұл ең маңыздысы емес, емтиханның нәтижесі бағаға немесе оны басқа сыныпқа ауыстырылуына әсер етпеуі керек", – деді министр.

Емтиханнан сүрінген жағдайда оқушы сол сыныпты қайта оқымайды. Келесі сыныпқа көшетіні айтылды.

"Бұл емтихан – қазақ тілін жетілдіруге бағытталған шара. Ол биыл енгізіліп жатыр, сондықтан мен бұл емтиханды жоғары деңгейде өткізуді бұйырдым. Алайда емтихан балалардың құқығын бұзбауға тиіс", – деді Бейсембаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер