“Қанды портрет”. ІІІ Чарльздың суреті желіні шулатты

966
Adyrna.kz Telegram
Фото: Getty Images/WPA Pool/Aaron Chown
Фото: Getty Images/WPA Pool/Aaron Chown

Ұлыбритания каролі ІІІ Чарльздың алғашқы ресми портреті желіде талқылау тақырыптарының біріне айналды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Суретші Джонатан Йео монархты қызыл және қызғылт реңктермен бейнелеген. Сондықтан жұртшылық картинаға «қанды» деген лақап ат қойған.

Ағылшын корольдік отбасы III Карлдың тәж кигеннен кейінгі портретін көрсетті. Суреттің ресми  көрсетілімі Букингем сарайында өтті.

Британдық суретші Джонатан Йео 75 жастағы монархты Уэльс гвардиясының киімінде бейнелеген.

Фото: Инстаграм (The Royal Family)

Суретте ІІІ Чарльздың жүзі мен қолы шынайы суреттелгенімен, суретші жаңашыл идеяларға ерік берген. Қалың штрихтардағы қызыл форма «қанды» фонмен біріктіріледі және монархтың иығына көбелектің ұшып келе жатқан суреті салынған.

Джонатан Йео веб-сайтында айтылғандай, суретші өзінің қолтаңба стилінде ерекше портретті салған. Ол олардың сыртқы түрі мен айналасындағы нысандарды сөзбе-сөз көшіруге емес, олардың сипатын беруге баса назар аударады. Йео суретке динамизм беріп, дәстүрлі өткен мен қазіргі заманғы үрдістер арасындағы қарама-қайшылықты көрсеткісі келген. Ал көбелек ІІІ Чарльздың жаңа рөлін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды білдіреді екен.

Корольдік аккаунт Букингем сарайында картинаның салтанатты тұсаукесері туралы бейнені жариялады. Дегенмен, сурет интернет қолданушыларын бей-жай қалдырмағаны сөзсіз. Джонатан Йеоның картинасы төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр.

Кейбіреулер картинаны прогрессивті  және одан монархияға жаңа көзқарасты көруге болады десе, ал басқалары портретті қорқынышты деп атайды. Қызыл түстің көптігі көрермендерді мазасыздандыратынын да жасырмайды.

Комментаторлар суретте “ІІІ Чарльз тозақтан шыққан немесе қанға шомылған секілді” деп жазуда. Кей интернет қолданушылары портретте империализмнің «қанды ізі» бар дейді.

Пікірлер