Майқайыңдағы апат: Іздеу жұмыстары қайтадан жанданды

1548
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

«Майқайыңалтын» АҚ жер астына автобуспен бірге түсіп кеткен азаматтарды іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Кәсіпорынның жаңа басшылығы апат болған ойық астынан қос құтқарушыны іздеуді 13 мамырдан қайта бастады.

«Майқайыңалтын» АҚ-ның жаңа директоры Қайролла Жүрсінбаев 4 қаңтар күні түнгі уақытта шұңқырға құлаған автобусты іздеу жұмыстарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы құтқарушы Айдос Шаймерденнің жары Нұрсұлу Шаймерден хабарлады.

Автобус ішінде екі адам болған. Оның бірі - Айдос Шаймерден болса,  екіншісі – жедел автокөлік жүргізушісі Айып Тілеубергенов.

«13 мамырдан бастап Айдос пен оның әріптесін іздеу жұмыстары қайта басталды. Біздің отбасымыз бұл күнді ұзақ уақыттан бері тағатсыздана күткен едік. Құтқарушылар жақын адамдарымызды тауып алатынына сенімдіміз. Кәсіпорын басшылығы айтқандай, ең әуелі ойық маңында кен жыныстарын қазу жұмыстары жүргізіледі. Содан соң кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының құтқарушылары іске кіріседі. Қазіргі уақытта жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бас директор Қайролла Жүрсінбаев жер астында жатқан қос азаматты тауып алған соң ғана шахта іске қосылатынын жеткізді», - деді Нұрсұлу Шаймерден Kazinform агенттінінің тілшісіне берген сұхбатында.

«Майқайыңалтын» АҚ-ның жаңа басшылығы іздеу-құтқару жұмыстары туралы ақпарат беруден бас тартып отыр.

Еске сала кетейік, шұңқырға құлаған автобус пен азаматтарды іздеу жұмыстары 5 ақпан күні тоқтатылған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер