Қазақстанда 109 заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек

1637
Adyrna.kz Telegram

Елде109 заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы Қарағандыға барған Парламент Мәжілісінің депутаттары мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.  Олар түрлі салаларды реттейтін құжаттарды қайта қарау үшін өңірлерді аралап, тәжірибелі мамандармен пікірлесуге кіріскен. Кездесу Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өтті. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, бұл академияда болашақ полицейлерге тәжірибелі заңгерлер дәріс беретіндіктен, олардың пікірі маңызды. Парламентте Әкімшілік, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу Кодекстеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Оның ішінде Атқарушылық іс туралы заңға сот орындаушыларының жұмысын жеңілдететін бірқатар бап енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, сот орындаушылардың өндірген ақшасына тыйым салу алынып тасталмақ. "Жетілдіретін заңдар көп. Соның ішінде ҚК, Қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдіруіміз керек. Қазіргі Әкімшілік кодексті жетілдіруіміз керек. Сондай-сондай заңдарды жетілдіру үшін олар Парламент қабырғасында қаралып жатыр. Соған пікір алмасу үшін келіп отырмыз. Соларға толықтырулар мен өзгерістер енгіземіз", - дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер