Қазақстандық оқушы шахматтан әлем чемпионатында топ жарды

2194
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстандық жасөспірім әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасында өткен 2024 жылғы әлем чемпионатында астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында жеңімпаз атанды.

Ол елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы. Айару жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

«Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады», - деді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

1 мамыр күні ашылуы өткен чемпионатқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия жане Моңғолияны қосқанда, 26 елден 1174 жас шахматшы қатысты.

Бүгінде жеңімпаздың 6-сыныптың үздік оқушысы екені анықталды.

Пікірлер