Атырау-Орал трассасынаның бір бөлігінде су басу қаупі қайта төнді

1490
Adyrna.kz Telegram
Фото: Индер ауданының жедел штабы
Фото: Индер ауданының жедел штабы

Индербор кентіне баратын жолды су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеп.

Атырау-Орал трассасынан Индер ауданына баратын 7 шақырымдық жолды су басу қаупі төнгендіктен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қауіптің күшею себебі Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілуі мен екпінді жел.

12 мамыр күні күндізгі 16:00-де Жайық өзенінің су деңгейі 1 035 сантиметрге жеткен. Жергілікті жедел штаб бұл қауіпті деңгейден +190 сантиметрге көп екенін хабарлайды.

Одан бөлек, желдің салдарынан Индербор кентіне баратын жолға тірелген судың толқынын күшейткен.

«Жолдың екі жағына топырақ төгіліп, бөгет соғылған еді. Бірақ, су асфальттың астынан өтіп, енді бетіне шығып жатыр. Осыған байланысты Атырау-Орал трассасынан Индербор кентіне дейін баратын 7 шақырымдық жолда жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды. Қазір жағдай бақылауға алынып, тиісті жұмыстарды атқару әлі де жалғасуда», - деп хабарлады аудандық жедел штабтан.

Пікірлер