Ақмола облысында итті қағып өлтірген депутатқа айып тағылуда

1367
Adyrna.kz Telegram

Зеренді ауданындағы «Аманат» партиясының депутаты ит қақты деп айыпталуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде», - деп жауап берді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Бүгін таңертең, жұмыс күні басталмай тұрып, Қайрат Досымұлы Ауғалиев көлік тұрағында жатқан итті міз қақпай басып өтіп, оның үстінен таптаған. Әріптестерінің көзінше ол көлікті тұраққа қойып, түсіп, «жұмысына» кетті», - деді оқиға куәгері жергілікті журналистерге Sinegor Instagram парақшасында.

Зеренді ауданы тұрғындарының айтуынша, оқиға 3 мамырда болған.

«Ол тіпті иттің жанына бармады, түк жанашырлық танытпады. Біз бұл иттің суықта өлуіне жол бермей, қыс бойы тамақтандырдық. Менің бір әріптесім қатты ашуланды, бұл қалай болғаны сонда? Бұл барып тұрған қорлық көрсету. Экономика бөлімінің жігіттері жүгіріп барып, оған көмектескісі келді, бірақ бәрі кеш болып шықты. Ол көлік тұрағында өліп қалды. Сосын амалсыз оны көліктеріне тиеп, жерлеуге алып кетті», - деді оқиға куәгері.

Пікірлер