Дипломаттың әйелін ұзақ уақыт азаптағаны айтылды. СІМ бірден реакция білдірді

1065
Adyrna.kz Telegram
Фото: НеМолчи.kz
Фото: НеМолчи.kz

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелін 10 жыл бойы азаптап, ұрып-соққаны айтылды. Бұл туралы қазақстандық дипломаттың әйелі Карина Мамаш желіде бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келемін. Маған көрсеткен бүкіл қорлығы – оның ішінде физикалық, сексуалдық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін күйеуімді дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге отырғызғанын қалаймын", - деді Карина Мамаш.

Карина 5 мамыр күні күйеуі оған және оның әпкесіне күш көрсеткенін де айтты.

«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі президентке, Ішкі және сыртқы істер министрліктеріне үндеу жасады.

«Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан.

Фото мен видео азаптаудың болғанына дәлел. Президент Тоқаевқа, ІІМ, СІМ-ге ресми үндеу жасаймыз. Зорлықшының үстінен қылмыстық іс ашуды талап етеміз! Видеоға қараңыздар, Мөлдір Қабылова мен Салтанат Нүкенованың тағдыры қайталанып жатыр»,  - деді қоғам белсендісі.

Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты жауап берді. 

«Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

 

 

Пікірлер