Дипломаттың әйелін ұзақ уақыт азаптағаны айтылды. СІМ бірден реакция білдірді

2313
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/06e00bd4-ef04-4de8-9af5-6cc4a55f3065.jpeg
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелін 10 жыл бойы азаптап, ұрып-соққаны айтылды. Бұл туралы қазақстандық дипломаттың әйелі Карина Мамаш желіде бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  "Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келемін. Маған көрсеткен бүкіл қорлығы – оның ішінде физикалық, сексуалдық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін күйеуімді дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге отырғызғанын қалаймын", - деді Карина Мамаш. Карина 5 мамыр күні күйеуі оған және оның әпкесіне күш көрсеткенін де айтты. «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі президентке, Ішкі және сыртқы істер министрліктеріне үндеу жасады. «Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан. Фото мен видео азаптаудың болғанына дәлел. Президент Тоқаевқа, ІІМ, СІМ-ге ресми үндеу жасаймыз. Зорлықшының үстінен қылмыстық іс ашуды талап етеміз! Видеоға қараңыздар, Мөлдір Қабылова мен Салтанат Нүкенованың тағдыры қайталанып жатыр»,  - деді қоғам белсендісі.

Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты жауап берді. 

«Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

   
评论