Ержұман Өтешұлының шығармашылығы

333
Adyrna.kz Telegram

Жалынды журналист бола тұра, ғұмырының көп бөлігін редакторлыққа арнаған Ержұман Смайылдың басқа журналистер тәрізді жүздеген, мыңдаған мақалалары жоқ. Газет үшін ғалымдығын құрбан еткен талантты редактор жзағаны құтты күнді құрғатпай баспасөз бетінен көрініп жатқан соң, кітап шығарайын деп құлшына қойған жоқ. Өзі шыққан тау биік болсын деп, бойдағы барын, ойдағы нәрін өзі пұшпағын илеп жүрген басылымға беріп, жүйкенің сөлін, жүректің жалынын соған төкті. Ардан аттамай, қоғамға, заманға сай қалтқысыз қызмет етіп, азаматтың борышын адал атқарды. Қызмет бабында заман ағымына сай талабы қатал болса да, тірі пендеге қылдай қиянат жасамады. Досқа адал, жастарға қамқор болды.

Алайда оқты сөзді бір атқанда дәл тигізетін қабілеті оның бір мақаласын том-том болып жазылған кітаптардан да бағалы етеді. Асқан журналистік шеберліктің нәтижесінде жарық көрген бірен-саран мақалалары, кітаптары журналист болу үшін міндетті түрде жазу керектігін алға тартатын қағиданы жоққа шығарады.

Зейнетке шыққанға дейін жазған жалғыз ғана «Өмір деген – жол үсті» прозалық кітабының өзі публицистің қаламы шыңдалғанының куәсі. Бұл кітапты шеберлік сағаттарының жиыны деп атауға да болады. Бүгінде ескірген баспа беттерінде ел тарихы мен өмірінің жаңа парақтарында қоғамымызға қажетті жүйрік ой мен жастарға керек өнегелі сөз қалдырған, шындықтың артындағы күрескерлердің бірі болған Ержұман Өтешұлы еңбегінің ізі қалды.

Бекзат ТУЛЕПБЕРГЕНОВ

Пікірлер