Ердің сойы - Ержұман

332
Adyrna.kz Telegram

Ержұман Өтешұлы Смайыл ел газеті “Егемен Қазақстанға” 25 жылдық маңдай тері сіңген беделді журналист, Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ел танып, жұрт бағалаған, бас басылымды Арқа төсіне бастап барып, елорданың өркендеуіне өзіндік үлес қосқан, өресі биік, өрісі кең, ұлттың ортақ ұлына айналған Ержұман Смайыл – Талғар ауданының тумасы, Туғанбай ауылының баласы, Талғар қаласындағы іргелі білім мекемесі Сəкен Сейфуллин мектебінің түлегі. Ол кіндік қаны тамған жерін бүкіл қазақ даласына танытып қана қоймай, кішкентай ауылынан бастап, бар халықтың мұң-мұқтажын ашып жазған журналист болды. Қарамағындағы қызметкерлерді туған баласындай көрген, газеттің қара жұмысын қара нардың төзімімен көтерген, қазақ баспасөзін өркендетуді өмірлік миссиясы еткен редактор болды.

Ержұман Смайыл – мағыналы ғұмырында қазақ баспасөзінің қамын ойлап, қолынан қаламы түспеген, жүрегінен ізгілік пен шапағат төгілген, артына жарқын ізін қалдырған тұлға.

25 жыл бойы бас газеттің атақ-абыройы үшін баспа жолының ыстығы мен суығын кешкен, өзі ғана емес, өзгені де солай тəрбиелеген, еңбекқорлыққа баулыған, жас буын журналистерінің кəсіби журналист ретінде шыңдалуына қолдау көрсеткен, демеген Ержұман Өтешұлы сияқты алып тұлғалар кемде-кем.

Пікірлер