Бишімбаевтың 5 рет қажылыққа барғаны айтылды

826
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық экономиканың бұрынғы министрі, қазіргі таңда әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыздықпен өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-күйеуінің 5 рет қажылыққа барғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист Ғалымжан Сәнкібаевтың жазуынша, Назым Қаһарман өзінің инста парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап беру кезінде Бишімбаевтың дінге жақын болғанын айтқан:

"Бишімбаев ата-анасы секілді дінге жақын болды. Білуімше ол бес рет кіші қажылық жасады. Алайда мен оған қарап дін мен рухани дүниенің екі түрлі нәрсе екенін түсіндім" деп жауап берді ол оқырмандарының сауалына.

Сонымен қатар, Назым Қаһарман Бишімбаевтардың діни наным-сенімдерге сенетінін, көріпкелдерге жиі жүгінетінін алға тартты.

Пікірлер