Сатира мен сықақ сардары

2189
Adyrna.kz Telegram

Қазақ сатирасының классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері Оспанхан Әубәкіровтің туғанына бүгін 90 жыл толып отыр, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әзілінің салмағы бар сатираның саңлағы Оспанхан Әубәкіров 1934 жылдың 4 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған. Мамандығы актер болса да, ол өзінің шығармашылығын сатирамен байланыстырды.

Оспанхан Әубәкіров республикалық басылымдарда, "Ара" журналында қызмет етті. Ол сатиралық жанрмен бірге баларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен және аудармамен де айналысқан. Оспанхан Әубәкіровке 1983 жылы балаларға арналған "Қағаз қалпақ" сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілген.

Белгілі сатириктің отыздан астам шығармалары мен өлеңдер жинағы жарық көрді. Ол өзінің 52 жыл ғұмырында соңына өшпес із, өлмес мұра қалдырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер