Алматыда өрт салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді

5188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_2521.png
Алматыдағы өрт салдарынан төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп. «Өрт салдарынан төрт науқас қалалық ауруханаларға жеткізілді», - делінген хабарламада. Барлық қажетті тексерулерден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. «Біреуі ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы өрт кезінде 23 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.
Комментарии