130 мыңмен эксминистр қалай күн көрер екен?!

469

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің 3 миллион айлық алады деген қауесетті жоққа шығарды.

"Достарым, жалақымның қанша болатыны әлі өзіме де белгісіз болып тұрғанда, ол туралы жалған ақпарат тарап кетті. 3 000 000 теңге көлеміндегі еңбекақы – жалған. Мұндай шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату кімге пайда әкелетінін білмеймін, fake news қолдан жасалғанына күмәнім жоқ. Тым әсіре сілтепті, басқа не айтуға болады", - деп жазды парақшасында.

Мұхамедиұлы министр болған тұста, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін бірнеше рет көтергенін атап өтті. Осы орайда ол үкіметте істеген жылдары қанша алғанын және қазіргі еңбекақысы туралы ашық айтты.

"Егер осындай ақпарат шындыққа жанасса, әрине қуанар едім, өкінішке қарай, бұл әзірге мүмкін емес. Әдеттегідей сіздерге шынымды айтайын: министр қызметін атқарғанда еңбекақым 980 000 болды... Ұлттық музей директоры ретінде 172 436 теңге есептеліп, қолыма 139 673 теңге берілетін болады. Бұл қызметтегі менің санатым "А1-1", еңбек өтілім мамыр айын қоса алғанда 31 жыл үш ай болды", - деді ұлттық музейдің жаңа директоры.

Сонымен,  Ұлттық музей директорлығына 172436 тг айлық жазылып, қолына 139673 теңге алатын Арыстанбек Мұхамедиұлына сенім білдірген дұрыс шығар.

Естеріңізге сала кетейік, Арыстанбек мырза министр кезінде 980000 теңге алған еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер