Алғаш рет парашютпен секірді

788
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара академиясының үшінші курс курсанттары МИ-8 тікұшағынан парашютпен алғашқы секіруді орындады.

 2024 жылғы 10-11 сәуір аралығында Шекара академиясының арнайы тактикалық факультетінің ұйымдастыруымен  «Арнайы мақсаттағы бөлімше офицері» білім беру бағдарламасы  бойынша 4-оқу дивизионның 23 курсанты арнайы білім алып жатыр. 

1-факультетке қарасты 7-арнайы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен ҚР ҰҚК авиациялық қызмет басқармасының нұсқаушылары бірлесіп, парашюттан секіру бойынша сабақтар өткізді. Кафедра оқытушысы подполковник А.В.Хурсановтың жетекшілігімен медициналық тексеруден өткен курсанттардың 15 ғана Шекара академиясының тарихында бірінші рет МИ-8 тікұшағынан парашюттен секіріп, нағыз десанттық жаттығулардың әдістерін орындады.

Айта кету керек, парашютпен секірер алдында курсанттар тәжірибелі оқытушылардың нұсқауымен парашют жүйелерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын, парашютшілердің күмбезді ашқанға дейінгі және одан кейінгі іс-әрекеттерін зерттеді. Сонымен қатар қону тәртібін пысықтап, сынақтар тапсырды.

«Сынақ тапсырған 418-оқу заставасының курсанттары аспалы жүйені келтіру, парашют кию және секіру мен жабдықтауға байланысты мәселелер бойынша білімдерін растады. Бақылау сабағында әрбір курсант практикалық іс-әрекеттері мен дағдылары үшін баға алды», - деп түсіндірді кафедра оқытушысы подполковник А.Хурсанов.

Курсанттар мен бірге аталмыш кафедраның оқытушылары подполковник Л.Амирханов пен майор С.Кеңесбековте бірге секірді. 

МИ-8 тікұшағынан секіру сабақтары «Сарыбұлақ» десанттау алаңында жүзеге асты. 900 метр биіктіктен секірген шекарашы курсанттар басында кішкене сескенгенімен  кейіннен бәрін ойдағыдай өткізді.

Өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша, курсанттар парашютпен десанттауды жүзеге асыру дағдыларын алудан  бөлек  Д-1-5У, 3-6 П паращют жүйесін төсеу және қызмет көрсету дағдысын дамытты.  

Бірінші секіру қарусыз және арнайы сөмкесіз өтті. Болашақта курсанттар қару-жарақпен және толық жабдықталыммен секіретін болады. 

    Жанат Жабырбеков

 

Пікірлер