Иран президенті "жаңа шабуыл болса, Израильді жойып жібереміз" деп қорқытты

1747
Adyrna.kz Telegram

Иран президенті Ибрахим Раиси "егер Израиль Иран аумағына агрессия жасаса, жойып жібереміз" деп қорқытты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы IRNA ақпарат агенттігіне сілтеп.

Ибрахим Раиси Пәкістанның Пенджаб қаласының элитасымен кездесуінде:

«Егер Израиль режимі тағы да қателесіп, қасиетті Иран жеріне шабуыл жасаса, жағдай басқаша болады және бұл режимнен бірдеңе қалар-қалмасы белгісіз», - деді. .

Президент сәуір айының басында Иранның Сириядағы Иран консулдығы ғимаратына «арсыз шабуылы» үшін Израильді зымырандық соққымен «жазалағанын» атап өтті.

Еске сала кетейік, сәуір айының 14-іне қараған түні Иран Израильге қарай 300-ге жуық зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар ұшырды. Бұл соққы Иранның Дамасктегі консулдығына жасалған шабуылға жауап болып, бес ирандық сарбаз қаза тапты. Израиль қорғаныс күштері Иранның 14 сәуірдегі соққысы кезінде нысаналардың 99%-ы ұсталғанын хабарлады. Осы оқиғадан бірнеше күннен соң Израиль Ирандағы әскери нысандарды атқылаған. Иран соның қарымтасын «үлкен күшпен» қайтаруға уәде берді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер