"Салтанат ісі" бойынша сотқа Собчак келді

1790
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жоғары сот
Фото: Жоғары сот

Бүгін, 22 сәуір күні Астанада өтіп жатқан экс-министр Бишімбаевтың сотына  Ресейдің танымал журналисі, тележүргізуші, продюсер Ксения Собчак келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып, осы оқиға бойынша арнайы бағдарлама түсіруге келген.

Айта кетейік, Ксения Собчактың «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram желісінде 10 миллионға жуық оқырманы, «Кровавая барыня» атты Telegram арнасы бар.  Ресей билігі Украинаға басып кіргеннен кейін Собчак соғысқа қарсы шығып, уақытша елден кеткенін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, бүгін сот БАҚ өкілдеріне сот залына қатысуға рұқсат берді. Соттың баспасөз қызметі ресейлік журналистің аккредитациядан өткенін растады. 

Пікірлер