Ғалымдар дүние жүзіндегі маржан рифтерінің түссіздену себебін атады

1462
Adyrna.kz Telegram

2023 жылдың басынан Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы кем дегенде 53 ел мен аумақта маржан рифтерінің жаппай түссізденуі тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Ұлттық мұхиттық және атмосфералық әкімдік (NOAA) және Халықаралық коралл рифтері бастамасының (ICRI) зерттеушілері өз мәлімдемесінде айтты.

Маржан рифтерірің түссізденуі яғни, ағарып кетуі температураның, жарықтың немесе қоректік заттардың өзгеруіне байланысты болатын құбылыс. Маржандар үгітілуге ұшырап, олардың ұлпаларында өмір сүретін балдырлар жойылғанда да аталмыш жағдай орын алады. Бұл маржандардың толығымен ағарып кетуіне әкеп соғады.

Бұған Флоридадағы рифтер, Кариб теңізі, Коста-Рика мен Панама маңындағы шығыс тропикалық Тынық мұхиты, Австралиядағы Үлкен тосқауыл рифі, Оңтүстік Тынық мұхитының бөліктері, Парсы шығанағы және Аден шығанағы кіреді, дейді зерттеушілер.

Бұл соңғы 10 жылдағы планетадағы екінші маржан рифтерінің түссізденуі. Соңғысы 2017 жылдың мамырында аяқталады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұған үш жыл бойы әлемдік мұхиттардың жылынуына әкелетін Эль-Ниньо климаттық моделі себеп болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер