«Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс». Жол ашар

1676
Adyrna.kz Telegram

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында Фархат Молдағалидың режиссерлығымен қойылған «Мамлюк. Сұлтан Бейбарыс» саундрама қойылымы өзінің премьерасынан кейін де табысты қойылып жатқан туынды.

Көрерменге жол тартқаннан бері әртүрлі пікірлер тудырып, қызу талқыға түскен қойылым театр саласының мамандарымен қоса жалпы тарихи оқиғалар мен аты әлемге мәшһүр тұлғалардың сахнадағы сомдалуы кімді де болса қызықтырары анық.

Енді осы қойылымның кең көлемде танылуына тағы бір үлкен мүмкіндік туып тұр. ТМД ұйымына мүше мемлекеттері Халықаралық театрлар одағы қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін Театрлардың жас толқынына арналған форумның беташарын «Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс» саундрамасымен ашатын болды. Бұл театрымыздың мәртебесін асырып, ұжымның мерейін тасытатын айрықша сәт болмағы анық.

Алматыда өтетін  ауқымды форумға Әзірбайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның жасы 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссерлер, драматургтар, актерлер мен сахна мамандары, театр сыншылары қатысады.

Форум аясында жұмысын енді бастаған он режиссердың туындылары сахналанып, кәсіби қазылардың іріктеуінен жақсы бағасын алған қойылымдардың режиссерлері ақшалай және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Форумның ең мықты қойылымы 2025 жылы Мәскеу қаласында өтетін   А.П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театрлар фестиваліне жолдама алады.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының
әдебиет бөлімі маманы
Беркімбаев Ардақ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер