Ақмола облысында үздік колледж анықталды

516
Adyrna.kz Telegram
Фото; Ақмола облысының білім басқармасынан.
Фото; Ақмола облысының білім басқармасынан.

Ақмола облысының Красный Яр ауылындағы  Көпсалалы инновациялық колледжі облыстық «ТжКБ үздік ұйымы» байқауында үздік деп танылды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, колледж тарихы сонау 1939 жылдың 23 қазанынан басталады. Алғашқыда бұл ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі болды, содан кейін оқу орны түрлендіріліп жаңа мамандықтар ашылды, атауы да өзгерді. Биыл колледж өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр.

Колледж жыл сайын WorldSkills қозғалысына қатысып жетекші орындарға ие болуда. Колледж студенттері республикалық, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары болып табылады. 2023 жылы колледж студенті Альбекова Альбина Франциядағы Аbilympics халықаралық байқауында Қазақстан командасының қоржынына медальон әкелді.

Колледж шағын және ірі бизнес-қауымдастық кәсіпорындарымен өзара ынтымақтастық туралы көптеген келісімдер жасады. Оның ішінде агротехникалық бағыттағы 34 кәсіпорын және қызмет көрсету саласындағы 10 кәсіпорын. Мұндай ынтымақтастықтың жарқын мысалы колледж базасында «Тeam-Agro» ЖШС-мен бірлесіп элеваторлық жабдықтарды әзірлеу, дайындау және құрастыру жөніндегі кәсіпорынның ашылуы болды.

Айта кетейік, техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымын анықтауға арналған облыстық конкурс алты жылдан бері өткізіліп келеді. Ережеге сәйкес, колледждер ұйымның, педагогтардың, студенттердің жетістіктерімен портфолио ұсынады. Конкурстық комиссия ұйым қызметінің сапасын, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды, конкурстарға, инновациялық жобаларға қатысуды, білім алушылар контингентінің сақталуын бағалайды.

Сондай-ақ, көшбасшылардың бестігіне Чаглинка ауылының жоғары агротехникалық колледжі, агробизнес және сервис колледжі (Астрахан ауылы), Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі енді.

Пікірлер