«Сапалы өнім»: Алматыда  тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалады?

217
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Сапалы өнім» тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша әлеуметтік жоба алып мегаполисте қалай жүзеге асатыны түсіндірілді.

ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының Алматы қаласы бойынша орынбасары Нұрлан Абдиевтің айтуынша, жоба тұтынушыларды контрафактіліктен, қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауы керек.

2023 жылы Департаментпен E-Otinish, ESDGO, E-Tutynushy және telegram-бот электронды жүйелері арқылы түскен 8 мыңнан астам азаматтардың өтініштері қаралды. Шағымдардың көп бөлігі электронды коммерция, бөлшек сауда және сапасыз медициналық қызмет көрсету саласы бойынша келіп түсті.   Ол өткен жылдың соңында тұтынушылардың, ішкі нарықтың және отандық өндірушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілгенін еске салды.

  «Жобаның негізгі міндеті- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдар өкілдерін, сондай - ақ кәсіпкерлік қоғамдастықты отандық өндірушілер мен тұтынушыларды ішкі нарықтағы сапасыз шетелдік өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, сондай-ақ ақылға қонымды бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады», - деді Нұрлан Абдиев.

Қазіргі уақытта «Сапалы өнім» қоғамдық әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері «Сапалы өнім» тұжырымдамасы шеңберінде сауда орындарында сапасыз тамақ өнімдерін анықтау мақсатында үнемі мониторинг жүргізеді.

Спикер, қоғамдық ұйымдар Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен бірлесіп импорттық сүт өнімдерін, ет өнімдерін, шұжық өнімдерін іріктеп, сараптамаға ұсынғанын атап өтті. Олардың ішінде бірқатар өнімдерде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылуы анықталды. Атап айтқанда, біз өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамына, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі (мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, май-қышқыл құрамының сәйкес келмеуі, бактериялардың табылуы) сияқты бұзушылықтар туралы айтып отырмыз.

«Сапалы өнім» жобасын іске асыру тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың қоғамдық бақылау құралы арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде аталған жоба таныла түсіп, отандық бренд ретінде тұтынылуы тиіс», - деп түсіндірді Нұрлан Абдиев.

Айта кетейік, жол картасы арқылы мынадай жұмыстарды жүргізу қарастырылуда:

- сапалы отандық өнімнің имиджін және танылуын қалыптастыру мақсатында «Сапалы өнім» халықтық сапа белгісін бекіту.

- бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық жобаның нәтижелері мен іске асырылу барысы туралы халықты кеңінен хабардар ету.

Сондай-ақ, ҚР сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті Алматы қаласы бойынша тұрақты негізде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп сапасыз тамақ өнімдерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Пікірлер